Kia EV9 кроссоверінің сипаттамасы белгілі болды

25 қаңтар 2023, 17:22

Kia EV9 электрокарының қозғалтқышы 200–400 ат күшін береді, ал салоны жеті немесе алты орынды болады. Бұл Kia көлемі бірдей бензинді Telluride иелеріне жіберген сауалнама негізінде анықталды, онда модельдің конфигурациясы бойынша ең үздігін таңдауды сұраған. Осылайша кроссовердің сипаттамасы жайлы болжам жария болды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Сауалнамадағы мәлімет бойынша 7 орынды базалық нұсқадағы Kia EV9-ға 200 ат күшіне (340 Нм) ие күштік құрылым орнатылады. 60 мильге дейінгі жылдамдықты 8.5 секундта алады, жүріс қоры — 350 км

 

 

 

Концепт Kia EV9

 

Алты орынды EV9 сәл баяу ( 8.9 секундта) қарқын алады, бірақ ол 900 келі жүк сүйрей алады, базалық нұсқада мұндай мүмкіндік жоқ. Мұндай кроссовердің жүріс қоры — 460 км.

 

Қымбатырақ түрленіміндегі күштік құрылым 400 ат күші мен 515 Нм береді, ал ең үздік EV9-дың қуаты 650 Нм моментке жетеді. Бұлар 60 мильге дейінгі жылдамдықты сәйкесінше 6 және 5.2 секундта еңсереді, ең қуатты нұсқасы тіркемемен екі тонна жүк сүйрей алады. Жүріс қоры — 420 немесе 380 км, дөңгелек дискісі — 19–21 дюйм.

 

 

 

Концепт Kia EV9

 

Kia электрокарын АҚШ-та шамамен 56–73 мың долларға сатуды жоспарлап отыр.

 

Маркетинг зерттеушілері электрлі SUV сатып алушыларға машинаның динамикасы мен жүк сүйреу мүмкіндігі маңызды ма, әлде көпке жететін жүріс қоры маңызды ма деген сауалға жауап іздесе керек. Kia жаңа өнімін нарыққа шығаруға дайындап жатқанына қарағанда, EV9-ды жасау процесі аяқталған секілді. Компания биыл жыл аяғына қарай ірі электрокарды сатуға шығарады деген болжам бар.