Желіде белгісіз кроссовердің фотосы тарады, кореялық БАҚ ол жаңарған Kia Sorento-ның суреті екенін хабарлады. Егер бұл рас болса, Sorento-ның сырт пішіні өзімен бір платформаны бөлісетін Hyundai Santa Fe сияқты үлкен өзгеріске ұшырайды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.
Фотосуреттен кроссовердің сырт пішіні брендтің жаңа дизайн стиліне бейімделгенін көруге болады. Sorento Y тәрізді өрнегі бар өзгеше бас оптика, үлкен бампер және радиатор торымен ерекшеленеді.
Инсайдерлер Sorento-ның артқы жағы көп өзгермегенін айтады. Басты өзгеріс диодты жолақ арқылы қосылатын шамында ғана. Салонда үлкен екі экраны бар жаңа медиажүйе, басқа рөл және жақсарған әрлеу материалы болады. Сондай-ақ рестайлингтен өткен кроссовер үздік көмекші жүйелерді қамтитын жаңа опциялар жинағымен жабдықталады.
Қазірше мотор гаммасы жайлы ақпарат жоқ. Соған қарағанда Kia Sorento қазіргі қозғалтқыштарын сақтап қалатын сияқты. Қазір кроссовер бензинді, дизельді және гибрид күштік құрылыммен жүреді, агрегат қуаты 285 ат күшіне жетеді.
Kia жаңарған кроссовер туралы ресми ақпарат берген жоқ. Жаңа Sorento-ның тұсаукесері қашан өтетіні де белгісіз.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz