Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Көліктегі кинотеатр

23 желтоқсан 2022, 16:36

Aehra («Эра») стартапының туындысы сырттай ешкімді таңғалдырмайды. Купе пішінді орта көлемді кроссовердің алдыңғы есігі құс қанатын еске салады, ал артқы бөлігіне көз салса, машина көрмеге шығатын концепт секілді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Дегенмен ішіндегі бір элементке назар аудармау мүмкін емес, оны тіпті алпауыт өндірушілер байқап, болашақта жаппай қолданатын сияқты.

 

Біз сөз етіп отырған құрылғы — торпедо артынан шығатын аса ірі экран. Ол жаңа шыққан голливуд блокбастерін көріп, ойын ойнауға және онлайн-митап өткізуге мүмкіндік беретін нағыз кинотеатр.

 

 

Алдыңғы әйнекті толық жауып тұратын экранды қосып алып, көлік жүргізе алмайтыныңыз анық. Сондықтан ол машинаны тұраққа қойғанда ғана көтеріледі, ал жол үстінде аспаптар панелі мен навигатор қызметін атқаратын үштен бір бөлігі ғана көрінеді. Айта кетерлігі, ортаңғы консольдегі тачскрин мен артқы камера жазбаларын көрсететін монитор орнын сақтап қалған, алайда үлкен әрі су жаңа құрылғының қасында күңгірт тартып көзге түсе қоймайды.

 

 

Aehra Motor1.com басылымына жобаны іске асыруға қаражат бөлінгенін және тапшы компоненттерді жеткізетін компаниялар бекітілген соң жұмыс жүретінін хабарлапты. Болжам бойынша өндіріс келер жылдың екінші тоқсанында басталады.