Lexus жаңа LBX моделін 5 маусымда көрсетеді

24 мамыр 2023, 10:02

Lexus LBX деп аталатын жаңа модельдің бірнеше суретін жариялады. Машина туралы бұдан өзге ақпарат берген жоқ, оның бар құпиясы 5 маусымда өтетін тұсаукесерде белгілі болады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

 

Бірақ LBX шағын кроссовер екені бізге белгілі. Ол топтамада UX моделінен бір саты төмен тұрады. Кроссовер Toyota Yaris Cross-қа негізделеді деген болжам бар. Марка LBX-ті тек Еуропада сатады.

 

 

 

Toyota Yaris Cross

 

Yaris Cross TNGA-B платформасында жасалған, ұзындығы — 4200 мм. Мотор гаммасында 123 ат күшін беретін 1.5 литрлік 3 цилиндрлі қозғалтқыш бар, агрегат 6 сатылы механика немесе вариатормен және тек алдыңғы жетек жүйесімен жұмыс істейді. Топтамада бұдан 114 ат күшіне ие толық жетекті гибрид нұсқасы бар. LBX дәл осы түрленім негізінде жасалуы мүмкін.