Маусымдағы автонарық: Chevrolet Onix үздік үштікке енді

18 шілде 2023, 11:47

2023 жылғы маусымда елдегі ресми автонарық жақсы нәтиже көрсетті. Өткен айда дилерлер 15 892 жеңіл машина мен жеңіл коммерциялық техника сатты, одан бөлек 943 жүк көлігі мен автобус саудалады. Жалпы 16 835 көлік құралы өтті, осылайша үш ай қатарынан рекорд жаңарып отыр, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстан автобизнес қауымдастығы (ҚАБҚ) бұл 2022 жылғы маусымдағы көрсеткіштен 41.2 % жоғары екенін хабарлады.

 

Ал жылдың алғашқы жартысында 83 235 машина иесін тауып, былтырғы ұқсас мезгілмен салыстырғанда 60.2 % өсім көрсетті.

 

Биыл автосалондар кем дегенде 150 000 автомобиль сатады деген болжам бар.

 

 

Мамыр мен маусымда Hyundai көш бастады. Бренд дилерлері 4229 машина сатты, бұл 2022 жылғы көрсеткіштен 67.2 % жоғары. Екінші орында Chevrolet (4042) тұрса, үздік үштікті Kia (2502) түйіндеді. Төртінші және бесінші орынға Chery (890) мен JAC (808) жайғасқан.

 

2023 жылғы маусымдағы үздік 10 марка

 

 

 

 

 

 

Танымал модельдер тізімінде қайтадан Chevrolet Cobalt (1947 дана) көшбасына шықты. Екінші орында Chevrolet Onix тұр. Бағасы 7.2 млн теңге тұратын модельдің 1396 данасы өтті. Үшінші орынға Hyundai Tucson (1263) жайғасқан.

 

Биыл алғашқы жарты жылда ең көп өткен марка — Chevrolet. Алты айда 21 678 «шеви» иесін тапты. Hyundai 21 622 автомобиль сатты. Үшінші орын Kia-ға (12 368) бұйырды. Қаңтар мен маусым арасында ең көп өткен модельдер: Chevrolet Cobalt (14 851 дана), Hyundai Tucson (6868) және Kia Sportage (5398).

 

2023 жылғы алғашқы алты айдағы үздік 10 марка

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz