Mercedes-AMG V8 қойылған соңғы E 63-ті шығарады

01 маусым 2022, 20:26

Mercedes-AMG тағы бір модельдің 8 цилиндрлі нұсқасын шығаруды тоқтатады. Компания E 63-тің соңғы топтамасын таныстырды. Машина атауына Final Edition қосымшасы қосылады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Көлік сырттай өзгеше түсі және артқы тіректегі арнайы белгімен ерекшеленеді. E 63 20 дюймдік дөңгелек дискісі және AMG Night пакетімен жабдықталған. Ол радиатор торы, есіктегі айна секілді кейбір сыртқы бөлшектің жылтыр қара түске боялғанын білдіреді.

 

 

 

Ал салонда орталық консольдегі нөмір жазылған тақта E 63-тің соңғы сериясы екенін көрсетеді.

 

 

 

Капот астында өзгеріс жоқ. E 63-ке қойылатын соңғы V8 612 ат күшін беретін 4 литрлік турбомотор болды. 850 Нм момент барлық дөңгелекке беріледі. Сондай-ақ машинаның арнайы дрифт-режимі бар.

 

 

 

E 63 S 4Matic+ Final Edition-ның 999 данасы ғана шығады. Арнайы нұсқаға седан шанағында да, универсал түрінде де тапсырыс беруге болады. Модельдің бағасы әлі жарияланған жоқ, бірақ әдетегі нұсқасынан жоғары болатыны анық.