«Азаматтарға арналған үкімет» мамырдың басындағы жұмыс кестесін жариялады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.
Мемлекеттік корпорация өкілдері 1 және 2 мамырда Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай мамандандырылған ХҚКО жабық болатынын хабарлады.
3 мамырдан 6 мамырға дейін қалыпты режимде жұмыс істейді.
Ал 7, 8, 9 және 10 мамырда жүргізушілерге қызмет көрсететін орталықтар тағы да демалады.
Тұрғындарды қабылдау 11 мамырда қайта жалғасады.
«Азаматтарға арналған үкімет» жүргізушілерге eGov мобильді қосымшасы, eGovKzBot2.0 Telegram-боты және EGov.kz электронды үкімет порталы арқылы көптеген қызметті онлайн режимде алуға болатынын ескертеді.