Шымкенттік көлік жүргізушісі жол тәртібін өрескел бұзып қана қоймай, өзге жүргізушілерге қоқан-лоққы көрсетіп, азаматтардың өміріне қауіп төндірген, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.
Ақ түсті Nissan көлігін тізгіндеген басбұзардың заңбұзушылық әрекеттері жазылған бейнетаспаны Newscorr қызметіне оқиға куәгерлерінің бірі жіберді.
Көшедегі ағыл-тегіл қозғалыс барысында тежегішті күрт басып, өзінен кейін келе жатқан автомобильмен соғысуға шақ қалған Nissan-ның иесі содан кейін тәртіпсіздігін тағы бірнеше қайталайды.
Ол аз болғандай жол бойындағы жүргізушілердің бірін балағаттап, қоқан-лоққы көрсетеді де, ортаңғы қатарға ауысып алып, тежегішпен ойнауын жалғастырады.
Ақ түсті көлік иесін қандай түлен түрткені белгісіз, бас-аяғы отыз секунді ішінде ол бірнеше жолда жүру ережесі мен бірнеше заңды өрескел бұзып үлгерген.
Оның тарапынан жасалған заңбұзушылықтардың қатарында "жолда апаттық жағдай тудыру", "жолақты рұқсат етілмеген жерде кесіп өту", "маневр жасау тәртібін бұзу" және Қылмыстық кодекстегі "адамға тіл тигізу, қорлау" секілді баптарға сәйкес келетін әрекеттер бар.