Полиция енді шетелдік нөмірлі көліктерге қырғидай тиетін болды

11 қазан 2021, 10:49

1 қазанда ЕАЭО аумағындағы елдерден әкелінген автокөліктерге уақытша берілген рұқсат мерзімі аяқталды. Полиция қырғыз, армян және ресей нөмірімен жүрген көлік иелеріне осындай ескерту жасады, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

 

28 қаңтарда құзырлы органдар елімізде әлі 500 шетелдік көліктің жүргенін айтқан болатын. Қазірге дейін 4 708 шетелік көлік елден шығарылыпты.

 

Осы ереже бұзылса, көліктер енді айып тұрағына қойылып, иесі жазаға тартылмақ.

 

Еуразиялық экономикалық одақ заңдары шеңберінде уақытша әкелу мерзімі біткен соң жеке тұлғаға кеден салықтарын төлеу міндеттеледі. Төлемдерді мемлекеттік кіріс органдарының жергілікті қызметкерлері есептейді — дейді мамандар.