Повод

04 мамыр 2022, 18:06

Утилизация алымының жаңа мөлшері көрсетілген кестені ҚР ИИДМ наурызда әзірледі. Құжат Экология министрлігіне тапсырылып, олар тиісті бұйрық жобасын дайындады. Бірақ не үшін екені белгісіз ершікті тартқыштардан алынатын алым мөлшері өзгеріссіз қалды, одан бұрын үкімет көліктің бұл түрі алымнан босатылатынын мәлімдеген, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Бұйрық пысықтауға жолданды. Kolesa.kz редакциясына белгілі болғандай, қорытынды құжатқа Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің орынбасары кеше ғана қол қойған. Енді не болады? Алым мөлшері қашан төмендейді?

 

Бұйрық бес жұмыс күні ішінде Әділет министрлігінде тіркелуі керек. Содан кейін 10 күннен соң күшіне енеді.

 

Бес күннен кейін 8 мамыр болады, ол демалыс күн. Сонда мерекеден кейін, 11 мамырда тіркеле ме? Шенділер асықса құжат мерекеге дейін (7 мамырға дейін) тіркеліп, жариялануы мүмкін. Егер солай болса утиль алымының жаңа мөлшері 17 мамырдан бастап күшіне енеді.

 

Әйтпесе бұйрық тек 11 мамырда жарық көреді, ал утиль алымы жаңа тариф бойынша 22 мамырдан бастап жиналады.

 

Kolesa.kz жағдайды бақылап, алымның жаңа мөлшері жайлы ақпаратты оқырман назарына дер кезінде ұсынып отырады.