Ракета өндіретін концерн кроссовер шығарады

24 желтоқсан 2021, 20:11

Алыс қашықтыққа ұшатын С-300, С-400 және С-500 зениттік кешендерін өндіретін компания өз еркімен азаматтық көлік шығармайтыны анық.

 

Ресей президенті Путиннің тапсырмасы бойынша концерннің жалпы өндірісінде азаматтық және екіжақты қызмет атқаратын өнімдердің үлесі 2025 жылға қарай 30 %, ал 2030 жылға қарай 50 %-ға жетуі керек. Сол үшін де ракеталар қатарына E-NEVA деп аталатын кроссовер қосылады.

 

 

Жаңа өнімнің жарияланған суреттерінен 15 дюймдік мультимедиа планшетін, цифрлы аспаптар панелін және эмблемасы басқа «шкода» рөлін көруге болады.

 

«Э-Неваның» ұзындығы — 4.5 метр. Демек ол орта көлемді SUV санатына жатады.

 

Әр оське екіден орнатылған электромотор (толық жетекті болады деген сөз) 435 ат күші мен 824 Нм момент береді. Осының арқасында кроссовер 2.7 секундта 60 км/сағ дейін жылдамдық алады, ал ең жоғары жылдамдығы 197 км/сағ болады.

 

Жүріс қоры 463 шақырымнан аспайды.

 

 

 

 

Батарея қуаты — 90 кВт.сағ. Болашақта сутегімен жұмыс істейтін электрохимиялық генераторы бар гибрид күштік құрылыммен жабдықталуы мүмкін.

 

Концерн E-NEVA электромобилінің сериялы өндірісі туралы мәлімет берген жоқ, E-NEVA жайлы толық ақпарат қашан жарияланатыны да белгісіз.

 

 

 

kolesa.kz