Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Ресейлік Aurus-ты арабтар құрастырады

29 желтоқсан 2022, 16:10

 Жоспар бойынша Aurus өндірісі Біріккен Араб Әмірлігінде 2024 жылы басталады, сол жылы дилерлік орталық та ашылады. Автоөндірушіге Aurus модельдерін қазір Таяу Шығысқа жеткізіп жүрген Tawazun холдингі серіктес болады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы ТАСС РФ өнеркәсіп және сауда министрі Денис Мантуровтың сөзіне сілтеме жасап хабарлады. 

 

Компанияның бас директоры Николай Ходосевич арабтар жасаған «аурустардың» локализация деңгейі төмен болатынын, олар Ресейден барған дайын бөлшектерді ғана қолданатынын айтты. Мұнда Senat пен Komendant құрастыруы мүмкін.

 

Ресей бренді осы әрекеті арқылы түрлі шектеулерге байланысты туындайтын қиындықтардан сақтанғысы келетін сияқты. Өйткені Aurus-ты өз отанына жеткізу мүмкін болмаса, шейхтарға «өз машинасы» үшін батыстан бөлшек пен электроника жеткізу қиын болмайды. Сонымен қатар Әмірлік арқылы керек жабдықтың бәрі негізгі кәсіпорынға жетеді.