Рысқұлов пен Әшімов қиылысында кері бұрылуға болмайды

21 желтоқсан 2021, 01:30

Абай — Момышұлы қиылысында да қозғалыс тәртібі өзгертілді.

 

Рысқұлов — Емцовта жаңа жолайрық ашылды, осыған орай қала билігі даңғыл бойымен шығысқа қарай жүргенде Емцов көшесіне жетпей, «Бақ Орда» базарына қарсы беттегі кері бұрылыстарды жапты (Төрт жыл бұрын Рысқұлов көшесінен солға бұрылуға тыйым салынған, бірақ кейін бірнеше жерде үзік сызық салынды. Енді оларды қайтадан алып тастады).

 

Сонымен қатар 19 желтоқсаннан бастап Немирович-Данченко көшесінің бойымен Рысқұловты кесіп өтуге болмайды. Енді Күдерин және Емцовтан кері бұрылып келу керек.

 

 

Жол салушылар Абайдың бойымен қозғалу тәртібіне де өзгеріс енгізді. Батысқа қарай жүргенде даңғылдың Момышұлы көшесімен қиылысқан тұсында ортадағы жолақтармен тек тіке жүруге, ал шеткі жолақтармен солға немесе оңға бұрылуға болады.

 

 

 

kolesa.kz