SAAB маркасы оралуы мүмкін

26 шілде 2023, 18:32

Emily GT электрокарының тарихы о бастан құпия болды. SAAB активтеріне иелік еткен NEVS консорциумының қызметі тоқтаған соң инженерлер батареялы седан жобасымен айналысқаны белгілі болды. Оны толық бітіру мүмкін болмады, бірақ ел арасында Emily GT жаңа SAAB болып қайта шығады деген әңгіме тарап кетті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Қазір Evergrande құрамына кіретін NEVS консорциумы SAAB активтерін 10 жыл бұрын сатып алған. Компанияның жаңа басшылары автомобильге электромотор орнатып, батареялы 9-3-ті басқа марка атынан қайта өндіреміз деген. Бірақ екі концерннің қаржылық жағдайына байланысты жоба құр сөз болып қалды.

 

 

 

Emily GT прототипі

 

Emily GT жаңа жобаға серпін береді деп болжанған. Сырт пішіні кейін шыққан 9-5-ке ұқсайтын седанды өндірушілер 650 ат күшіне ие төрт электромотормен және жүріс қоры шамамен 1000 шақырым болатын батареямен жабдықтағысы келді.

 

Emily GTO

 

Төрт есікті автомобиль алғашқы жүздікті 3.2 секундта алады. Сонымен қоса компания көлікке бейімді амортизаторлар, пневмоэлементтер, салонға үлкен ортаңғы экран және бірқатар заманауи опция орнатамыз деп жоспарлаған. Концерн төбесі ашылатын Emily GTO нұсқасын да құрастырды.

 

Электрокар құрылысына SAAB-та 1994 жылдан жұмыс істеген инженер Питер Даль жауапты болды, ал прототипті Plint Marketing компаниясы жасады. Бір сұхбатында Даль жобаның серия алды экземплярға дейін жеткенін, бірақ қаржы тапшылығына байланысты тоқтап қалғанын мәлімдеген.

 

Сынақ кезіндегі Emily GT

Соңғы мәліметтерге сүйенсек, Emily GT-мен байланысты жұмыстарды құпия инвестор сатып алыпты. Швед журналистері электрокарды жобалау жұмысын соңына дейін жеткізіп, Тролльхеттандағы зауытта құрастыратынына сенімді. Бұл мәміле талаптарының бірі-мыс. Бірақ әлемдік автонарыққа марканың қайта шығуы екіталай.

 

Қазір SAAB брендіне әуе-ғарыш корпорациясы иелік етеді. Жергілікті баспасөз Emily GT нарыққа балама атаумен шығуы мүмкін дейді. Anamma, Gripen, Sonett (1950 жылдың ортасындағы SAAB спорткарының құрметіне) және Saablar деген атаулар кездеседі. SAAB-тың тұсаукесері туралы ақпарат тамызда жарияланады.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz