Салондағы ірі экрандар қатардан қалады

12 мамыр 2022, 20:30

BMW және Polestar дизайнерлері мультимедиа тачскрині кішірейетініне сенімді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі kolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы The Drive басылымы бірнеше ірі автоөндіруші өкілдері қатысқан cardesignnews.com сайтындағы онлайн-конференцияға сілтеме жасап хабарлады.

 

Талқы барысында BMW-ның интерьер дизайны бөлімінің басшысы Матиас Юнгханнс «көлік салонындағы үлкен экранның дәуірі ерте ме, кеш пе аяқталады» деп мәлімдеді.

 

Беделді маманның (суретте) айтуынша болашақта машина медиажүйесін басқару интерфейсі қажет болған жағдайда ғана пайда болады.

 

Ал оның Polestar/Volvo компаниясындағы әріптесі Конни Бломме ақпараттық ойын-сауық жүйесінің экраны басты назарда болмауы керек екенін айтты. «Көлікпен жүргенде экраннан гөрі сыртқы көрініске көбірек қарайсыз», — дейді ол.

 

Осыған қарап Jaguar, Honda секілді автоөндірушілер не үшін заманауи сенсорлы панельден бас тартып, кәдімгі батырмаларды қайтарғанын түсінуге болады. Мұны кері кету деуге болатын шығар, бірақ машинадағы кей әрекет виртуалды басқаруға қарағанда қолмен басқарғанда жақсы орындалады.