Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Шетелден әкелінген 100 мың көлік заңдастырылды

05 мамыр 2023, 14:55

Ішкі істер министрлігі 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін елге әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыруды жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Polisia.kz.

"23 қаңтардан бастап бүгінгі күнге дейін алдын ала онлайн тексеруден өтіп, 200 мыңға жуық автокөлік иесінің өтініші мақұлданып, оның ішінде 100 мыңнан астам көлік құралы заңдастырылды. Сонымен қатар қазіргі уақытта Ішкі істер министрлігі қосалқы бөлшектер ретінде әкелінген автокөліктерді заңдастыру шарттарын айқындайтын Үкімет қаулысының жобасын әзірледі. Жоба Үкіметтің қарауына енгізіліп, оған келесі аптада қол қойылады деп күтіліп отыр. Үкімет қаулысына қол қойылғаннан кейін бірінші ресми жарияланған күнінен бастап 10 күн өткенде ол қолданысқа енгізіліп, содан кейін біз автоконструкторларды тіркеуге алуға кірісеміз", – дейді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев.

Polisia.kz.