Ішкі істер министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

30 қыркүйек 2021, 18:31

ІІМ жүргізушілерді ауа-райының нашарлауы кезіндегі қауіптер туралы ескертеді, деп хабарлайды zakon.kz.

 

“Қазгидромет” РМК хабарлауынша, бірқатар облыстарда ауа райының нашарлауы, қар түрінде жауын-шашын, көктайғақ және тұман күтіледі.

 

Автокөлік иелері ауа-райының өзгеруі туралы ақпаратты, сондай-ақ оның нашарлауы мен жолдардың жабылуы туралы арнайы хабарламаларды мұқият қадағалап отыруы керек.

 

Ішкі істер министрлігі жол қозғалысына қатысушыларға ауа райы нашарлаған жағдайда елді мекендерден тыс жерлерге шығуды шектеуді ұсынады.

 

Қауіпсіз қозғалыс үшін ауа-райының қозғалыс режимдеріне әсерін, жауын-шашын кезінде көрінудің төмендеуін, сондай-ақ автомобильдің тежеу жолын ұлғайтатын және оның басқарылуына әсер ететін жол төсемінің ілінісу сапасының өзгеруін ескеру қажет.

 

Сондықтан жүргізушілерге қауіпсіз жылдамдықты және автомобильдер арасындағы қашықтықты сақтау маңызды.