Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Шведтер көлік салонына радар орнатты

30 қыркүйек 2022, 15:55

Күн ыстықта жабық машинада қалып қойып, ажал құшқан балалар мен жануарлар аз емес. Қауіпсіздікке баса мән беретін Volvo компаниясы осы мәселені шешу үшін салонға радар орнатады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Көліктің төбесінде, ішкі жарық беру плафондарында және жүксалғышта тұратын жиілігі 60 ГГц сезгектер салонды толық камтиды. Кеңістікті сканерлейтін шағын радар миллиметрге дейінгі дәлдікпен өлшейді. Сондықтан жүйе ұйықтап жатқан баланың баяу алған демін де анықтап, көліктен шыққан жүргізушіге салонда жолаушы барын ескертеді. Есік бұғатталмайды, ал климатты бақылайтын жүйе адам үшін қауіпсіз температураны ұстап тұрады.

 

 

Салон ішіндегі детекторды мамандар 2023 жылы сатыла бастайтын Volvo EX90 мен кейінгі модельдерге орнатады. Мұндай машина құзырлы органдар 60 ГГц жиілікке рұқсат берген елдерде ғана саудаланады.

 

Патенттік суретке негізделген Volvo EX90

 

Бұл функцияны үлкен жаңалық деп айта алмаймыз. Өйткені салон ішіне мұндай құрылғы бұрын да орнатылған. Мысалы, 90 жылдан бері шығып жатқан BMW модельдерінде бар, бірақ басқа қызмет атқарады. Мұндағы радар терезе немесе люк ашық қалғанда хабар береді.