Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Шымкентте елуден астам көлік заңсыз тіркелген

04 тамыз 2022, 15:58

Шымкентте елуден астам көлікті заңсыз есепке қойған қылмыстық схеманың жолы кесілді. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп жазады Alashainasy.kz тілшісі sputnik.kz-ке сілтеме жасап.

ІІМ орталық аппаратының қызметкерлері арнайы операцияның нәтижесінде заңсыз тіркелген көліктердің көршілес елдерден кедендік төлемдерді, утиль алымдарын және мемлекеттік баждарды төлемей әкелінгенін анықтады.

 

"Шымкентте осы схеманы қолданып, 53 көлікті заңсыз тіркеуден мемлекетке 320 миллион теңгеден астам шығын келген", - деп толықтырды облыс полицейлері.

 

Полицияның мәліметінше, қылмыстық топтың құрамында процессинг орталығының қызметкерлеріне жақын делдалдар, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы "көмекшілер" мен жалған сенімхатқа қол қойған нотариустар болған.

 

Қалалық полиция департаменті процессинг орталығының екі қызметкері сот шешімімен қамауға алынды, қылмыстық схемаға басқа қатысушылардың рөлі мен орны тергеу барысында анықталады.