Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

SsangYong көліктері енді KG деп аталады

26 желтоқсан 2022, 16:41

SsangYong Motor 2023 жылы наурызда атауын KG Mobility деп өзгертетінін The Korea Times басылымы жазды. Бұдан былай компания автомобильдері KG маркасымен шығады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

SsangYong-ның жаңа басшысы Квак Джэ Сун бұл қадам марка өнімдерінің «жадау тартқан имиджінен» арылуға мүмкіндік береді дейді.

 

Бренд атауын бұлай өзгертуге Квак Джэ Сунның болат құятын KG Group концерніне де иелік ететіні себеп болыпты. Ол банкротқа ұшыраған SsangYong компаниясының 62 % акциясын сатып алған.

 

Жаңа атау марка машиналарының әу бастағы позициясына еш әсер етпейтіні анық. Бірақ халық дұрыс түсінбей қалмас үшін аса ауқымды жарнама-түсіндірме жұмыстарын жүргізуге тура келетін сияқты.