Тағы бір банк жеңілдетілген автокредитке өтінім қабылдауды бастады

19 мамыр 2022, 19:15

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, аталған бағдарлама бойынша Halyk Bank-пен қатар "Еуразиялық банк", "Банк Центр Кредит" өтінім қабылдап жатыр, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Айта кетейік, 16 мамырда Қазақстанда жеңілдетілген автокредит бағдарламасы іске қосылған.

 

Сондай-ақ "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ жеңілдетілген автокредитті қалай алуға болатынын түсіндірген.