Tank 500 Ресейде сертификат алды

11 тамыз 2022, 10:41

Жақында Ресейде Great Wall концернінің үлкен жол талғамайтын көлігі сатылымға шығады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

«Қытай автомобилі» порталы компания Tank 500 моделін Ресейде сертификаттауды бастағанын хабарлады, маусым айында машинаның сыртқы пішінін патенттеген, қазір оны шығару үшін Көлік құралының типін мақұлдау құжатына сынақтан өтіп жатыр.

 

 

 

Жаңа өнім ескірген Haval H9-дың орнын басады деген болжам бар. Соңғысы Қазақстанда 29 млн теңге тұрады.

 

Бес метрлік Tank 500 — марканың алдында тәуелсіз аспа, арт жағында кесілмейтін белдік бар жаңа платформаға негізделген алғашқы моделі. Машина 354 ат күші мен 500 Нм момент беретін 3 литрлік турбомотормен жүреді, ол автоматты беріліс қорабы және толық жетекті жүйемен жұмыс істейді.

 

 

 

Үш қатарлы салонда 14.6 дюймдік мультимедиа кешенінің экраны, 12.3 дюймдік аспаптар панелі және екінші қатардағы жолаушыларға арналған бөлек тачскрин бар. Қытай нарығына арналған нұсқасында матрицалы шам, төрт аймақты климат-бақылау, жылытуға және желдетуге болатын орындық, панорамалы шатыр және т.б. бар.

 

 

 

Tank 500 Ресейде қанша тұратыны қазірше белгісіз. Қытайда 335–395 мың юаньға (23.8–28.1 млн теңге) сатылады. Ресейде 3.5 литрлік моторы бар Land Cruiser 300-дің ресми бағасы 7.3 млн рубльден (58.6 млн теңге) басталады. Қазақстанда V6 турбомоторы бар «үш жүздік» үшін 49.1 млн теңге сұрайды.

 

Машинаның ЕЭО нарығына қашан шығатыны жайлы айтуға әлі ерте, бірақ GWM Wingle 7 және Poer пикапы сатылғанын ескерсек «Танк» та Қазақстанда саудалануы мүмкін.