Таразда мас жүргізуші полициядан қашып құтылмақ болды (видео)

01 қазан 2021, 17:31

Қазақстанда "мынау бізден қашып барады, қумай-ақ қояйық, қаша берсін" дейтін полицей некен-саяқ, деп хабарлайды zakon.kz.

 

Ағымдағы жылдың 29 қыркүйегінде таңғы сағат 10.00-де Тараз қалалық патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Жібек жолы көшесінде Volkswagen Golf көлігін мас күйде айдап жүрген 33 жастағы жүргізушіні ұстап алды.

 

Кінәлі тұлға ҚР ӘҚБтК-нің 608 бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, заң бойынша жүргізуші куәлігінен жеті жылға айырылды.