TikTok: тағы бір қауіпті тренд пайда болды

08 қазан 2021, 19:14

Әлеуметтік желіде тағы бір қауіпті тренд пайда болды деп хабарлайды kolesa.kz.

 

 «ТикТокта» танымал болу үшін орынсыз әрекет жасайтындар көбейіп келеді. Бұған дейін машина дөңгелегінің қақпағын ұрлап, видеоға түсіретін тренд Қазақстанға да жеткенін жазған едік. Енді АҚШ-та дөңгелектің болтын босатып, соны видеоға түсіру әдетке айналуда.

 

Бірақ жаңа челлендж аса танымал болмайтын шығар. Өйткені дөңгелек қақпағын ұрлауға ешқандай құрал қажет емес, ал болтты босату үшін дөңгелек шешетін кілт керек. Дегенмен мұндай әрекет аз болса да, қауіпті екені рас. АҚШ-та жүріп бара жатқан көліктің дөңгелегі шығып кеткен жағдайлар кездесті.

 

Жергілікті БАҚ эвакуация және жолда көмек көрсететін компанияларға сілтеме жасап хабарлағандай, соңғы кезде күтпеген жерден дөңгелегі босап кеткен жүргізушілерден шағым көбейген. Тіпті Массачусетс штатында жүргізушілерге жолға шығар алдында дөңгелек болтын тексеру ескертілді.