Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Toyota Camry 80 қандай болады

20 желтоқсан 2022, 16:49

Toyota Camry ұзақ уақыт бойы орта көлемді седан сегментінде көш бастап келеді, бес жыл бұрын жарық көрген 70-сериясы да аса танымал болды. Бірақ қазіргі буыны қатардан шығатын сәт жақындады, келер жылы XV80 көрсетіледі деген болжам бар, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Carscoops жаңа өнім қандай болатынын бағамдап көрді. Camry 80-нің шанақ пішіні қазіргі нұсқасынан едәуір өзгеше болады. Жаңа буындағы Crown мен Prius дизайнын қайталауы мүмкін. Оның үстіне жаңаша бумеранг шамы да көз тартады.

 

Жаңа Camry-дің салонында цифрлы аспаптар панелі мен үлкен мультимедиа экраны болады, соңғысы дауыс арқылы басқару мүмкіндігі бар Toyota-ның ең жаңа операциялық жүйесімен, сондай-ақ Apple CarPlay және Android Auto-мен жұмыс істейді. Оның қандай болатынын Crown-нан білуге болады.

 

Жаңа машина қазіргі Camry және Crown, ES, RAV4, Highlander сияқты Toyota мен Lexus модельдерінен таныс TNGA-K (GA-K) платформасына негізделеді. Соған сай ең танымал 2.5 литрлік мотор седанның жаңа буынына да қойылады. Басылым қазіргі 3.5 литрлік атмосфералы V6-ның орнын 2.4 литрлік турбоүрлемді 4 цилиндрлі мотор басады деп болжап отыр.

 

Ресейде енді «тойота» шықпайтындықтан, Қазақстанға Жапония немесе Қытай нарығына арналған Camry 80 келуі мүмкін.