Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Toyota Қазақстанда бәсекелестікке шыдай алмайды - СІМ

22 желтоқсан 2022, 18:14

Қазақстанда Toyota көліктерінің өндірісі тым қымбатқа түседі. Сондықтан бәсекелестікке шыдай алмайды. Мұны Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров айтты, деп хабарлайды Экспресс К.

Оның айтуынша, жапон көлігі Қытай және Кореяның модельдерімен бәсекелесе алмайды.


Біздің нарықта бәсекеге төтеп бере алмайды. Олардың Ресейде осындай зауыттары болды. Әлі күнге дейін барлық Toyota жеткізілімдері ресейлік автокөлік өнеркәсібінен әкелініп жатыр. Toyota Ресейдегі өндірісін толығымен тоқтатпаса да, осылай жалғасады, -дейді Алмас Айдаров.


Оның айтуынша, бұл көлік моделінің өзіндік құны өте жоғары. Қазақстан нарығы мұны көтере алмайды. Сондықтан Қазақстанда Toyota зауытын ашудың мәнісі жоқ деп отыр.


Бізде Kia, Hyundai, JAC және басқалармен жақсы келіссөздер жүргізілуде. Бізде нарыққа жеткілікті көлік бар. Брендтердің келуінің бәрі Қазақстан үшін тиімді деп айта беруге келмес, -дейді СІМ өкілі.