Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Toyota көлік жеткізе алмай, клиенттерге ақшасын қайтарып жатыр

26 шілде 2022, 18:00

Toyota Harrier кроссоверіне тапсырыс берген Жапония тұрғындарының біразы машинасын ала алмайды. Nikkei таратқан ақпаратқа сүйенсек, марка келісімшартты бұзып, клиенттеріне ақшасын қайтаруды не модельдің әлі ешкім көрмеген жаңарған нұсқасына тапсырыс беруді ұсынып отыр, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

 

Көліктердің бағасы екі түрлі болатыны анық, жетпеген ақшаны Toyota дилерден алады екен.

 

Алпауыт автоөндіруші өз тарихында алғаш рет осындай шешім қабылдап отыр.

 

Компанияның мұндай қадамға баруына көптен бері жартылай өткізгіш жетіспеуі себеп болды, ал Шанхайдағы локдаун мәселені тіпті ушықтырып жіберген.

 

Toyota электронды компонент жетпегендіктен, жоспарын қайта-қайта өзгертуге мәжбүр. Жуырда тамызға жоспарланған өндіріс көлемін 18 % төмендететінін мәлімдеді.