Toyota Land Cruiser Prado-ның арнайы нұсқасы шықты

04 тамыз 2022, 17:59

Toyota Motor қазіргі Land Cruiser Prado-ға (J150) жұрт назарын аудару үшін оның арнайы нұсқасын шығарды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Matt Black Edition деп аталатын жаңа өнім тек Жапонияда сатылады.

 

 

 

Қап-қара LC Prado-ның әдеттегі нұсқадан техникалық тұрғыда еш айырмашылығы жоқ. Тек 18 дюймдік дөңгелек дискісі, радиатор торы, тұманға қарсы шам жақтауы және жүк салғыш есігі күңгірт қара түске боялған. Matt Black Edition модельдің ең үздік L Package комплектациясы негізінде жасалды.

 

 

 

Жол талғамайтын көліктің арнайы нұсқасы мотордың түрі (2.7 литрлік бензинді немесе 2.8 литрлік дизельді) мен салондағы орын санына (бес немесе жеті) байланысты 4.3–5.1 млн иенге (15.7–18.7 млн теңге) сатылады.

 

Айта кетейік, Қазақстанда 2.7 литрлік мотор қойылған Land Cruiser Prado-ның бағасы 23.6 миллионнан басталып, 32.7 млн теңгеге жетеді.