Үрленбелі қаптамасы жоқ доңғалақ жасалды (видео)

30 қыркүйек 2021, 19:42

Германияның Мюнхен қаласындағы IAA Mobility 2021 автосалонында жұртшылықтың назарына ұсынылған, жасалуына бірнеше жыл кеткен,  Uptis деген атауға ие болған үрленбелі қаптамасы жоқ доңғалақ салмақ түскенде майысып кетпейді, ұзақ уақыт тозбайдығ яғни, жарамдылық мерзімі ұзақ уақытқа жететін, тесілмейтін артықшылықтарымен ерекшеленеді.

 

Бұл жайында islam.kz порталы 24gadget ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.

 

Michelin үрленбелі қаптамасы жоқ доңғалақты жасауға кірісетіні турасындағы мәлімдеме осыдан аттай 16 ыл бұрын айтылған болатын. Тек биыл ғана дайын технологияны жұрт назарына ұсына алған екен.

 

Ендігі кезекте Uptis доңғалағын жаппай шығармақ. Michelin Uptis опционды доңғалағы бар автокөліктің алғашқы легін GM автокөлік құрастырушысы 2024 жылы пайдалануға бермек.

 

Michelin компаниясы лицензия мен сертификат алудың процедурасын бастап кетті.

 

Michelin компаниясының арнайы жүргізген зерттеу нәтижесі бойынша жыл сайын 200 млн-нан аса доңғалақ жарамсыз күйге түседі, олардың бірталайы тесіліп қалатындықтан, ауыр салмақтан, қиылып кетуден, т.б. пайдалануға жарамай қалады әрі жөндеуге де келе бермейді. Uptis доңғалағы үшін арнайы дискілер қолданылғанымен жүрген кезде үрленбелі қаптамасы бар доңғалақтан еш айырмашылығы жоқ.