Утильалым: артық төлеген ақшаны «Жасыл даму» қайтарып беретін болды

23 мамыр 2022, 10:19

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, егер кәдеге жарату алымын ескі тарифпен төлеген болса, артық ақша қайтарылады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Аikyn.kz.

29 сәуірде шыққан бұйрыққа сәйкес, кәдеге жарату төлемінің ставкасы 50%-ға төмендеді. Жаңа бұйрық биылғы 14 мамырдан бастап күшіне енді.

 

Биыл 14 мамырдан кейін бұрынғы мөлшерлеме бойынша утильалым төлеген жағдайда «Жасыл даму» АҚ қайта есептеу жүргізеді. Заңға сәйкес, артық төленген соманы қайтарады.