Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Утилизациялық алымның мөлшері төмендей ме?

21 желтоқсан 2021, 23:12

Утилизациялық алымның базалық мөлшерлемесі айлық есептік көрсеткішпен белгіленген. Бұл оның жыл сайын өсетінін көрсетеді. Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов утилизациялық алымның мөлшерін төмендету мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

 

Оның айтуынша, 2016 жылы аталған алымның мөлшерін индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі бекіткен. 

 

"Бұл салық тек шетелдік көліктерге емес, қазақстандық автомобильдерге де салынады. Бүгінде утилизациялық алымның мөлшерін қайта қарау мәселесін қаралып жатқан жоқ", – деді вице-министр орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

 

Айта кетейік, 2016 жылғы қаңтардан көлік иелері утилизациялық алымды төлеуге міндеттелген еді.