Вице-премьер Скляр елдегі көлік тапшылығы қашан жойылатынын айтты

23 ақпан 2022, 15:32

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Қазақстанда көлік тапшылығы қашан жойылуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сіздің ойыңызша, автосалондарда неге көлік жоқ? Көлік тапшылығы жасанды түрде жасалғандай ой қалыптасады", - деген сұрақ қойылды премьер-министрдің орынбасарына "Хабар 24" телеарнасына берген сұхбатында.

"Иә, өкінішке қарай, солай. Бірақ автосалондарда елде құрастырылған, сондай-ақ басқа да автомобильдер тапшылығы бар. Бұл кез келген көлік құрастыруда қолданылатын электрон чиптердің жетіспеушілігіне байланысты екені белгілі. Жағдай біртіндеп жақсарып, өз арнасына келеді. Келесі жылы отандық және импорттық автомобильдер жеткілікті болады деп күтеміз", - деп жауап берді Роман Скляр.