Volkswagen Polo мен Tiguan Қазақстанға келмейді

05 наурыз 2022, 23:53

Концерн Ресей мен Украина арасындағы қақтығысқа байланысты Калуга мен Нижний Новгородтағы зауыттың жұмысын тоқтатты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі kolesa.kz-ке сілтеме жасап.

3 наурызда Volkswagen AG Ресейдегі зауыттардың жұмысын тоқтатқанын хабарлады. Аталған зауыттарда өндірілген машиналар Қазақстан нарығына да жеткізілетін, біздің елде ең көп сатылатын Polo лифтбегі де Ресейден келеді.

 

<iframe id="twitter-widget-0" scrolling="no" frameborder="0" allowtransparency="true" allowfullscreen="true" class="" style="position: static; visibility: visible; width: 550px; height: 386px; display: block; flex-grow: 1;" title="Twitter Tweet" src="https://platform.twitter.com/embed/Tweet.html?dnt=false&amp;embedId=twitter-widget-0&amp;features=eyJ0ZndfZXhwZXJpbWVudHNfY29va2llX2V4cGlyYXRpb24iOnsiYnVja2V0IjoxMjA5NjAwLCJ2ZXJzaW9uIjpudWxsfSwidGZ3X2hvcml6b25fdHdlZXRfZW1iZWRfOTU1NSI6eyJidWNrZXQiOiJodGUiLCJ2ZXJzaW9uIjpudWxsfSwidGZ3X3NwYWNlX2NhcmQiOnsiYnVja2V0Ijoib2ZmIiwidmVyc2lvbiI6bnVsbH19&amp;frame=false&amp;hideCard=false&amp;hideThread=false&amp;id=1499331270056239105&amp;lang=en&amp;origin=https%3A%2F%2Fkolesa.kz%2Fcontent%2Fkz%2Fnews-kz%2Fvolkswagen-polo-men-tiguan-qazaqstanga-kelmejdi%2F&amp;sessionId=fa310da48152d247b2a0ebcca4930605059db847&amp;theme=light&amp;widgetsVersion=2582c61%3A1645036219416&amp;width=550px" data-tweet-id="1499331270056239105"></iframe>

 

«Поломен» қатар Қазақстанға Tiguan және Taos кроссовері де келмеуі мүмкін. Автосалоннан Passat (B8) седанын да көрмейсіз, бірақ бұл модель енді жалпы Еуропада өндірілмейді.

 

Touareg, Teramont сияқты шетелден келетін көліктер де қолжетімсіз болуы мүмкін, өйткені Volkswagen AG автомобильдерді жеткізуді доғарғады. Техника Қазақстанға Ресейдегі дистрибьютор арқылы келеді.

 

Анықтама ретінде: 2021 жылы Қазақстанда Volkswagen көліктері жақсы өтті. 12 айда дилерлер 4.1 мыңға жуық машина сатты. Сатылған автомобильдің 65.1 %-ы — Polo, 25 %-ы — Tiguan.