Айбын

Cпорттағы брендіміз

Негізі, қазақ спортының беделін өсіріп, мерейін тасытқан бокс еді. Төрткіл дүние біздің елді «боксшылары мен балуандары қарымды, жекпе-жек өнерлеріне бейім халық» деп санайды. Ең аяғы біздің елге келіп, доп теуіп, біраз уақыт нәпақа тапқан шетелдік футболшылар да өз Отандарына барған соң «Қазақстанда футбол нөмірі бірінші спорт емес екен, сақтың ұрпақтары бокс пен күресті бәрінен жоғары бағалайды» деп, өз түйгендерін айтып жүр.

Әлемде бокс дер­жавасына айналғаны­мыз ақиқат. Тә­уел­сіздігімізге қол жеткізгелі Олимпиада ой­ындарынан алты алтын, бес күміс, алты қола алдық. Ал әлем чемпио­наттарынан 10 алтын, 8 күміс, 14 қола ол­жаладық. Бұл жұпыны жетістік емес, әрине.

Десек те, бүгінгі таңда заман талабына сай «Астана» президенттік кәсіби клубын спорт саласындағы брендімізге айналдыру қолға алынуда. «Астана» президенттік кәсіби спорт клубының басшылары мұны «негізгі мақсат – Қазақстанның, елордамыз Астананың атын шығару, халықаралық аре­наға таныту. Елбасының саясатына сәй­кес, дүниежүзіне танымал, іргелі брэнд­ке айналдыру» деп түсіндіреді.

Аталмыш жаңа мультиспорттық жоба­ның құрамына еліміздің спорттық менедж­менті мен маркетингіндегі, кәсіби деңгейде дамып келе жатқан негізгі, жетекші және ин­новациялық спорттық жобалардың бар­лығы енгізілген. Жіктеп айтар болсақ, бірінші кезекте халықаралық аренада мейлінше танылған, әлеуеттерін паш ете біл­ген, әлемге мәшһүр болған маңызды жо­ба­лардан бастағанымыз дұрыс болар. Олар – «Астана» велоклубы, «Астана ар­лан­дары» боксшылар клубы, Құрлықтық хоккей лигасындағы «Барыс» клубы және «Астана-Дакар» автоұжымы. Сондай-ақ «ВТБ бірегей» лигасындағы «Астана» бас­кетбол клубын да атап өткеніміз жөн. Пост­кеңестік кеңістікке танымал, Ресейдің ашық чемпионатында өнер көрсетіп жүр­ген «Астана» су добы клубы да осы мульти­жобаның құрамына кірген. Осы жерде айта кетуге тиіспіз, осы клубтардың басым көпшілігі ұлттық құрамаларымыздың негі­зін қалайтын командалар. Ең бастысы, ел намысын қорғайтын спортшылары­мызды деңгейі жоғары додада шыңдап, шебер­лік­терін ұштап жүр.

Жалпы, «Астана» кәсіби президенттік спорт клубының құрамына жекелей жо­ба­лар да кіреді. Нақтырақ айтар болсақ, ел спортының жарық жұлдыздарына бөле-жара қолдау көрсету мақсатында Илья Ильин мен Денис Тен де аталмыш мульти­жобаның құрамына енгізілген. Сондай-ақ бұл жобаның ерекшелігі мен артықшылығы – ұлттық спортымызға қолдау көрсеті­луін­де. Атап айтқанда, қазақ күресінен «Қазақ­стан Барысы» жобасына қолдау көрсетіп, бас демеуші ретінде қаржыландырып ке­леді.

Жақында бұл мультижобаның құрамы­на кәсіпқой бокс жұлдызы Геннадий Го­лов­кин де тартылды. Соңғы кездері тіпті «Астана» президенттік кәсіби спорт клу­бының құрамына енгісі келетіндер қарасы көбейіп, «Қайрат» футзал клубына мемо­рандум негізінде қолдау көрсетілді. Сон­дай-ақ жағажай волейболынан Қазақстан құрамасына да көмек көрсетілетін болды. Футболдан «Еуропа лигасының» топтық кезеңіне іліккен Қарағандының «Шахте­ріне» де келісімшарт негізінде демеп-же­беу жүзеге асырылды.

Түйіндеп айтқанда, «Астана» прези­дент­тік кәсіби спорт клубы мемлекеттің жә­не «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының» құрамына кіретін компаниялар­дың спортқа, әрбір жобаға бас демеуші ретінде бөліп отырған қаржыларының ба­сын қосып, оны үнемдеп жұмсауды және бар­лық жобаны бір орталықта басқаруды қолға алып отыр.

Бүгінде бүкіл әлем біздің елдің спортқа қара жаяу еместігімізді біледі. Енді спортқа бейім екендігімізді ғана емес, спортты ком­мерциялық тұрғыда жетілдіруді де игеріп, спорттық менеджмент пен марке­тинг­ті де дөңгелетіп әкетсек, нұр үстіне нұр болады. Спорттық жаңа брендіміздің де көк­сегені сол – еңсесін тіктеп келе жатқан жас мемлекетімізді үлкен спорт арқылы да дүниежүзіне мейлінше паш етіп, еліміздің абыройын өсіре беру.




Көрілген: 2161    Пікірлер: 0

сенбі, 14.12.2013, 12:56

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Желтоқсан 2013
    Cпорттағы брендіміз

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30