Елбасы Алаш арыстарының арманын жүзеге асырды

Елбасы Алаш арыстарының арманын жүзеге асырды

Кеңестік рух қазанда оянса, қазақы рух желтоқсанда жарып шығады-ау деп қаласыз кейде. Бұл ой өздігінен туа салмайды, яғни оған түрткі болар жайт бар, әрине, кәрі тарихта. 1986 жылғы Желтоқсанды айтсақ та жеткілікті. Алайда ең басты бір дата бар, ол – Тәуелсіздігіміздің мейрамы – 16 желтоқсан.
Және күні кеше біріміз ескерсек, біріміз елемей өткізіп алдық, желтоқсанның 12-сі – Алашорданың құрылған күні. Міне, керемет сәйкестік: қазақ сонау бір кездерде де «Ұранымыз – Алаш, керегеміз  – ағаш!» деп алғаш өз алдына автономия құрған кезі де, кейін 1991 жылы ресми түрде тәуелсіз республика атануы да осы желтоқсан айына тура келеді екен.
Тәуелсіздіктің мән-мағынасын терең түсініп, толыққанды тарихымызды зер­делейміз десек, онда Алаш тақырыбын аттап не айналып өте алмасымыз айдан анық. Себебі қазақтың өзгеге кіріптар ұлт болмауын, қазақтың өз жері мен жерасты қазба байлығының өз мүддесіне жұм­салуы­на алғаш ашып айтып, сол жолда кү­рескен үркердей топ болса, ол – осы алаш­шыл ата-бабамыз. Бірақ сол жарқын мүдденің ащысы, азабы, адам айтса сен­гісіз қасіретін тартқан олар, яғни Әлихан Бөкейханов бастаған қазақтың текті ерлері де шын мәнінде Тәуелсіздікті өз көзімізбен көріп, егемен елдің көк байрағының ас­тын­да өмір сүріп жатқан мына бүгінгі ұр­пақ. Тұңғыш Елбасымыз сол Алаш арыс­та­ры армандап кеткен ұлы мұратты қазағына алып берді.
Айгүл ІСМАҚОВА, филология ғылымының докторы, профессор:
– 1988 жылы қайта оралған Алашорда мемлекет қайраткерлері, «Алаш» партиясының көшбасшылары, Алаш ғылымының басында тұрған қа­зақ­тың тұңғыш саяси элитасының мұ­ра­сы мен «Отанды сүю – иманнан» тұр­ғысынан іске асқан текті істерін мақ­таныш ететін тәуелсіз кездің жас ұрпағы қалыптасты. Алаш ардақтылары тура­лы рухани әңгімелер бүгінгі қазақтың қазіргі жастарының жанына қажет. Себебі бұл рухани сабақтардың басты ойы – Отанды сүю, елге қызмет ету, Отан үшін отқа түсу. Мұндай мысалдар Отан емес, тек ақшаға табынып бара жатқан қазіргі қазақтарға ерекше қа­жет екені айқын.

Қазақ егемен ел болғанда да, Тәуел­сіздік концепциясын ойдан шығарып, жоқ­тан бар құраған жоқ. Яғни сонау бір кез­дердегі Жәнібек пен Керей құрған хандық пен берісі Алаш автономиясы сал­ған сүрлеу, ту еткен идеяны жалғас­тырды. Ал Алаш көшбасшылары болса сол тұста қазақтың бойындағы қайсар­лық рухты түртіп ояту үшін ешқандай езгіге жаншыл­май, өз ұлттық ерекшелігін сақтап қалған елді іздеді. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ға­сырдың басында Еуразия кеңістігінде батыстың экспансиясына ұшырамаған бір­ден-бір ел Жапония еді. М.Әуезов күншы­ғыс елінің 1861 жылы жүзеге асырған әй­гілі «Мэйдзи» рефор­масын талдай келе, соның ішіндегі білім­ге қатысты тұсына баса назар аударады. Алашорда үкіметін құрып, аяқтан тік тұрғызуға бізге сондай тәжірибе қажет еді.
Алаштанушы ғалым Тұрсын Жұртбай да өзінің осы тақырыптағы мақалаларында ұлттық бірлік пен Тәуелсіздік жолында құ­рылған «Алаш» партиясының негізгі бес ұс­танымын талдай келе, «Бесінші – ең не­гізгі ұстанымы бойынша ғылымға, соның ішінде тәуелсіз ғылымға, ұлттық дәстүрге негізделген, заңға сүйене отырып, Жапо­ния үлгісіндегі ұлттық-демократиялық мем­лекет құрылуы керек еді. Алаш қай­рат­керлерінің бұл ұстанымының дұрысты­ғына самурайлық дәстүрге негізделген жапон ұлтының бар-жоғы 20 жылдың ішінде біртұтас империяға айналып шыға келуі дәлел болса керек. Дәстүрге беріктік деп отырғаны осы», – дейді.
Рас, мінекей, біз де 20 жылдан жаңа асқан Тәуелсіздік тарихымызда Ас­та­на секілді жаңа елорда салып, әрине, қала салу үшін қазақтың экономикалық және әлеуметтік жағдайын түзеп, әлемге таны­тып та үлгердік, шүкір.
«...Тумақ болса, өлмек бар... Өлгенді ес­ке түсіргенде біз олардың тірісінде іс­те­ген ісін ескереміз. Соның ісіндей іс істеп, со­ның өміріндей өмір сүруді іздейміз. Сон­дықтан өлгенді еске түсіргенде оның істерін ескеру – біздің ең бірінші мінде­тіміз». Бұл сөзді Алаштың арыстандай ай­батты ұлдарының бірі Смағұл Сәдуақа­сов айтқан болатын. Осынау сөзді оқыған са­йын Смағұлдай сұңғыла азамат өзде­рінің ұлт үшін құрбан боларын сезгендей, соны өзінен кейінгі ұрпаққа ескертіп кет­кендей көрінеді маған. Кеңестік им­перия алғаш таққа отырған тұста Сталин өзін жа­һан жаулаушысы Шыңғыс ханнан кем көр­меді десек те болады, қолына қан шең­гел­деп, ысқырына іске кіріскен Йосифтің бе­ті­не қарсы келу деген байлаулы тұрған дар ағашына өз еркіңмен барып, мойныңа қыл арқан салумен бірдей еді десем ар­тық айтпаспын, сірә. Алайда Смағұл Сәд­уа­қа­сов, Сұлтанбек Қожанов, Әлихан Бө­кей­ханов сынды арғы тегі Ашина, Көк бөрі­ден тарайтын қазақтың қасқыр жүрек ұлдары­ның Кремль әміршісінің алдына именбей кіріп, тайсақтамай турасын айт­қаны жай­лы бүгінгіге аңыздай боп жеткен әңгімелер аз емес. Бұл шүбәсіз шындық, себебі арыс­тарымыз «Ленин айтты – заң», «Сталинге құлдық» десе, оларды «теңізден сүзген мар­жандай» теріп алып, итжеккенге ай­дап, атып, ұрпағын қырып әуре болмас еді. Құлды кім өзіне теңдес дұшпан көруші еді? Ал біздің арыстарымыз Алашы үшін арпалысып, кеудесінде соңғы күші қал­ғанша берілмеді. Құлдықтың қамытын киіп тірі жүргенше, ұяты мен ұлтының ал­дында қасқайған күйі бақиға аттануды бақыт санады.
Неге екені, қайталанбас тұлғалардың көбінің артында ұрпақ қалмайды. Бұл да болса өмірдің жазылмаған заңы ма бол­ма­са Тәңірдің тылсым құдіреті ме екен?!. Тарихта бұған мысал боларлық тұлғалар көп. Алаш көсемі Әлихан Бөкейхановтың Үгітай (Сергей) атты ұлы болғанын білсек те, олардан ұрпақ қалмаған. Елизавета Әли­ханқызы Смағұл Сәдуақасовқа тұр­мыс­қа шықса да, олардан да ұрпақ қал­мапты. Ахаң, Ахмет Байтұрсыновтай асыл азаматтың да, Мағжандай отты ақынның да, Сәкеннің де ошағының отын өшірмей­тін бір перзенті қалмағаны өзекті өртерлік жайт. Алайда олар артында мәңгі өлмейтін мұра қалдырды, ол мұрамен сусындаған әрбір Алаш баласы, демек, мына біздер, сол Әлиханның, сол Ахаңның, Мағжан, Сәкен, Сұлтанмахмұттардың жалғасымыз. Біз бүгін тәуелсіз елде еркін өмір сүріп жат­сақ, бұл бір кездегі Алаштың арманы­ның орындалуы, солардың қыршыннан қи­ыл­ған ғұмырлары мен көрмей кеткен қызық­тарының өтеуі деп білгеніміз жөн. Сон­дықтан күнде айнаға қарағанда біз одан тек өз бейнемізді ғана көріп қоя салмауға тиіспіз, сол бақытты жүздің ар жағынан біздің асқақ кеудемізге күш-жігер беріп тұрған Алаш рухын көруге тиіспіз. Себебі біз әрқайсымыз – Алаш баласымыз! Мой­нымызда Алаш аманаты, қолымызда Алаш туы бар. Біз сол тудың астында «Күн сөнгенше, сөнбейміз»!

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста