Айбын

Елбасына өрме төстік дайындаған аспазшы

Жетісулық аспазшы Биғамиля Әуелбекова Елбасына арнап бірнеше рет ас әзірлеу бақыты бұйырғанын мақтанышпен айтады. Аспаздықтың жілігін шаққан маман – Алматы облысының Ескелді ауданындағы «Хильниченко және К» командиттік серіктестігі асханасының бас аспазы. Бүгінде алпыстың алтауын алқымдаған ана осы жерде табан аудармастан 41 жыл жұмыс істеп келе жатыр. Елбасының Алматы облысына жасаған сапарлары кезінде және Қарасай, Жамбыл бабаларымыздың мерейтойларында Биғамиля апа Елбасының жеке тапсырмасы бойынша өрме төстік пен қарын бүрме секілді ұлттық тағамдар дайындапты.

Облысқа жасаған сапарларының бірін­де Биғамиля аспаз әзірлеген уходан дәм татқан Елбасы: «Көбіне қазақ жатыр­қай қарайтын балық сорпасын осынша дәмді дайындауды қайдан үйренгенсіз?» – деп аспазға күле қарағанда, Биғамиля апай да: «Күйеуім балықшы еді», – деп маңайын­дағыларын бір күлдірген екен.

Аспаздың айтуынша, мұндай өнер әже­сінен дарыса керек. Кішкене күнінен ас әзірлеуге қызығушылық танытқан қызына әкесі «қыз бала әкесінің үйінде қазанның құлағын ұстамайды» деп ескертетіні де есінде. Әжесі мал сойыла сала өрме, жөр­гем секілді тағамдарды лезде дайындап үлгеретін.

Ананың сүтімен дарыған дара өнер иесі бүгінде өзімен бірге еңбек ететін бірнеше шәкіртті тәрбиелеу үстінде. Отбасындағы алты баланың үлкені Ғалия ана жолын қуып, бүгінде қоғамдық тамақтану орны­ның иесі атанып, ісін дөңгелентіп келеді.

Биғамиля ӘУЕЛБЕКОВА, аспазшы:

– Жалпы, аспаздық – талғаммен қарайтын тамаша мамандық. Мен өмір­лік тәжірибе арқылы, отбасында аналарымыздан көрген-түйгенім арқы­лы осы кәсіпке келдім. Ал қазір осы мамандықты оқып меңгеретіндер қа­тары көбеюде. Бүгінде мемлекет жұ­мыссыз азаматтарды түрлі кәсіпке оқытып жатыр. Соның қатарында ас­паздық мамандығы да бар болғанына қуанамын. Егер маған ерік берсе, әрбір қыз баланы, тіпті ер балалардың да барлығын осы кәсіпті оқуға міндеттер едім.


Аспаздық қатып қалған рецептерге жүгіну емес, онда адамның ой-қиялына ерік берілуі керек, шығармашылық еркіндік болғанда, бар ынта-жігеріңмен дайындағанда ғана атқарған еңбегіңе өзгелер де риза болады, өзің де ләззат аласың.




Көрілген: 2452    Пікірлер: 0

сенбі, 06.07.2013, 11:46

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Желтоқсан 2013
    Cпорттағы брендіміз

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30