Айбын

Елорданың алдағы мерейтойларында қандай мәселеге көңіл бөлу керек деп ойлайсыз?

Розақұл ХАЛМҰРАДОВ, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Мен Астананы бүкіл Қазақ елін әлемге танытқан ғажайып қала деп есептеймін. Қысқа уақыттың ішінде елорда әлемдегі астаналармен иық тірестіре алатын ең бір шырайлы, көркем қалаға айналды. Көп жағдайда әлем халқы Астананы бейбіт­шілік, бірлік, төзімділік, келісім ортасы деп түсінеді. Тіпті бір-біріне қарама-қайшы, кейде бір-бірімен араздасып қалатын дін басшыларының өзі Астанада бас қосып, дінаралық келісімге келді. Талай жылдар­дан бері басы қосылмай кеткен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтас­тық ұйымы басшыларының да саммиті өтті. Сондықтан алдағы уақытта да Астананың мерейтойы осы бірліктің, келісімнің, тұрақтылықтың, төзімділіктің, ынтымақтың мекені ретінде таныла беруі керек. Қалай десек те, Астананың мерейтойы халықты біріктіруге себепші болуы тиіс. Өйткені үй сапалы салынуы үшін оның іргетасы мықты болуы керек болса, ал мемлекеттің іргетасы мық­ты болуы үшін бізге, ең бастысы, халықтың амандығы, елдің бірлігі мен ынтымағы керек. Егер елдің тұтастығы мен тыныштығы берік болса, біз алмайтын асу, біз жеңбейтін кедергі болмайды. Ынтымағы жарасқан елдің ғана ырыс-несібесі мол болады.

Амангелді МОМЫШЕВ, қоғам қайраткері:

– Алдағы елорданың мерейтой­ла­рында, ең бастысы, көлік тығынына ерекше көңіл бөлуіміз керек. Өйткені онда халық көбейіп келеді, көпшілікпен бірге көлік те дендеп барады. Ол міндетті түрде жол қозғалысына кері әсерін тигізетіні сөзсіз. Ас­тана­да жер астынан емес, үстінен метро салынғаны дұрыс. Ол көлiк кептелiсiн қысқартуға, қаланың экологиялық ахуалын жақсартуға, сонымен қатар көлiк мәде­ниетiн қалып­тастыруға зор ықпал етеді. Сондай-ақ елордада жұмыс істейтін жас отбасыларға тегін жер беру мәселесін қарастырғанымыз дұрыс. Себебі ірі қала­ларда баспана мәселесі күйіп тұр. Жастар баспана болмағандықтан, отбасын құруға асықпайды. Демек, жастар баспа­насы демографиялық ахуалымызды жақ­сар­тады. Сондықтан жергілікті билік жас отбасыларға қала сыртынан жер бөліп, оның инфрақұрылымын жақсартса дұрыс-ақ болар еді. Егер халықтың хал-ахуалы көтеріліп, әлеуметтік жағдайы жақсарса, ел тоқ болса, елорданың да мерейтойы ойдағыдай өтетін болады.


Шалатай МЫРЗАХМЕТОВ, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Елорданың 15 жылдық мерейтойында қаланың болмысын, оның архитектуралық бейнесін, жалпы, Астанада қандай жақсы көріністер болса, соны паш ететіндей іс-шаралар жүргізуіміз керек. Ең бастысы, халықты біріктіретін, елді ынтымаққа шақыратын бағдарламаларға ерекше мән бергеніміз жөн. Астана күні қазірдің өзінде басталып кетті. Халықтың біртуар ұлы, белгілі композитор Кеңес Дүйсекеевтің шығармашылық кеші ұйымдастырылды. Жазба ақындардың мүшәйрасы өтті. Енді айтыскер ақындардың жарысы өтпек. Олар да қаланың көз ілеспес дамуы мен өркендеуін, әлі де қалаға қажет істерді айтып өтетін болады деп есептеймін. Астана күні ұлттық нақышта аталып өтуі тиіс.




Көрілген: 2240    Пікірлер: 0

сенбі, 06.07.2013, 11:48

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Желтоқсан 2013
    Cпорттағы брендіміз

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30