Айбын

Қазақстан әскеріне бір әулет түгел қызмет етіп келе жатыр

  • ©ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

    ©ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

  • ©ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

    ©ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

  • ©ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

    ©ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

  • ©ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

    ©ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Қазақстанда Қарулы Күштер қатарында қызмет етуге ұзақ жылын арнаған отбасы тұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Серікбаевтар отбасының мүшелері әскери салада жалпы алғанда 46 жыл қызмет еткен.


Серікбаевтар өз әулетінің дәстүрін қастерлеп сақтап келеді. Бұл отбасыда отағасы Асылғазы Серікбаев және отанасы Роза Серікбаева әскери қызметтерін 1992 жылы бастады. Олардың қызы Ақмарал Серікбаева әскерилер отбасында дүниеге келгенін және ата-анасының үнемі әскери формамен жүретінін көріп өскенін айтады.


"Олардың қызмет туралы әңгімелерін тыңдап өстік. Бұл бізге қатты әсер етті деп ойлаймын. Нәтижесінде біз олардың ізін қудық, олар бұған шексіз куанады", - дейді Ақмарал Серікбаева. Ақмаралдың әскери қызметі 27943 бөлімінде басталды. Мұнда ол танк батальонының психологы болып, сондай-ақ зенит дивизионында қызмет етті. Қазір ол - сержант атағында Құрлық әскерлеріндегі жауынгерлік даярлық бас басқармасының жауапты орындаушысы. Оның бауыры капитан Әсет Серікбаев Аэроұтқыр әскерлері қолбасшысы басқармасында жауынгерлік даярлық аға офицері лауазымында қызмет атқарып жатыр.


Ақмарал Серікбаеваның айтуынша, оның бүкіл өмірі армиядан ажыраған емес. Сонымен қатар, ол өз балаларын тәрбиелей жүріп, олардың да өз өмірлерін Қазақстан армиясындағы қызметпен байланыстырғанын қалайтынын айтты. "Қазір жұбайым екеуіміз ұлымызды "Жас ұланға" беруді жоспарлап отырмыз. Айтпақшы, жұбайым да - әскери қызметші. Ал ұлымыз 9 жаста ғана, бірақ әскери тақырыпқа қызығушылық танытып, әкесімен бірге әскери мектепке түсуге дайындалып жүр", - дейді Ақмарал.


2005 жылы Ақмаралдың әкесі подполковник Асылғазы Серікбаев 40398 әскери бөлім командирінің тыл жөніндегі орынбасары, анасы старшина Роза Серікбаева 40398 әскери бөлімнің санитарлық нұсқаушысы лауазымдарында әскери қызметтерін аяқтаған.




Көрілген: 2421    Пікірлер: 0

бейсенбі, 25.12.2014, 02:41

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Желтоқсан 2013
    Cпорттағы брендіміз

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30