Айбын

Назарбаевтың Қиыр Шығыстағы ұландары

Ерлан ШАҒАЛАҚОВ, әскери борышын1991-93 жылдары  Қиыр Шығыста өтеген:

– Әскерге 1991 жылы көктемде шақырылып, елі­міз Тә­уелсіздігін алғанда Ресейдің Қиыр Шығы­сын­да, При­морский өлкесінде  «Шкотово -17» де­ген жерде  әс­кери борышымды өтеп жаттым. Жал­ғыз емеспін,  ке­зінде аудан орталығындағы ин­­тер­­натта 7-8 сыныпта бір­ге оқып, кейін мүлде кез­­деспей кеткен сы­нып­та­сым­мен жердің түбі – Ре­сейдің Қиыр Шығысындағы бір құрылыс ба­та­льо­нын­да бір ротаға  түсіппіз.  Біз әскерге ба­рысымен көп ұзамай Кеңес Одағы ыдырай бас­та­ға­ны, оның құрамындағы елдер өз алдарына бөлек, тәуелсіз мемлекет болып жатқаны туралы хабарлар бізге де дүңк-дүңк етіп  жетіп жатты. Сондықтан Қазақ­стан­нан да осындай сүйінші хабарды көптен күтіп, елең­деп жүргенбіз. Бір қызығы,  ротамыздағы екі қа­­зақты, яғни бізді, бұл кезде егде офицерлер «На­зар­­баев­тың ұландары»  деп атай бастаған. Бұған екі жағ­дай себеп болды. Біріншіден, ротаға түскен екі қазақ жат жерде жүзімізді  жасытпай, еңсемізді тү­сір­мей жү­руге  тырыстық. Қасымдағы досым  Мер­жан гир көтеруден алдына жан салмады, мен тур­ник пен кү­реске епті болдым. Соны байқаған бір-екі егде офи­цер­дің қайдан келгенімізді сұрап, Қа­зақстаннан еке­ні­мізді білгенде: «О, Назар­баев­тың  ұлдары екенсіңдер ғой! Жарайсыңдар! Сен­дер­дің Президенттерің  мықты басшы, ақылды сая­­саткер», – деп мақтағаны бар. Сөйт­сек, бұл ке­зең Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев ел үшін қатты қайрат қылып, жарқырап  көрініп жатқан уа­қыт екен. Содан бастап бізді бәрі «Назарбаевтың ұландары» деп атап кетті.  


Әскердегі қызық: темекі тұқылын жерлеу

Әскерге жаңа түсіп, карантинде жүрген кезіміз. Бір кү­ні түнгі ұйқыға енді жата бергенімізде, командиріміз кіріп келіп, айғайлап бұйрық берді. Бәріміз киініп, ка­зар­ма алдындағы алаңда сапқа тұрдық. Жаңбыр жа­уып тұр. Командиріміз қайдан тапқаны белгісіз, қо­лында темекінің тұқылы: «Мына тұқылды кім тастады?» – деп сұрады. Бәрі үнсіз. «Егер біреуің тастағандарыңды мо­йындасаңдар, онда осы жерден қайтамыз. Басқа ештеңе болмайды. Ұйықтайсыңдар».

Алайда «мен едім» деген ешкім шықпады. Жауын сір­кіреп тұр. Ашуланған командир ротаны оңға бұрды да, ну орман – тайганың ішіне қарай жүгіртіп ала жө­нелді. Жер балшық, киім шылқа су, әбден ит-сілікпеміз шы­ғып қалжырағанда орман ішіндегі бір алқапқа кел­дік. Бір орында тұрып жүгірісті тоқтатпай, бұйрық бер­ді. Ені – бір, ұзындығы – бір жарым, тереңдігі бір метр шұңқыр қазу керек. Сап орнында тұрып жүгіруін тоқ­тат­пайды. Саптың басындағы бірінші тұрған сарбаз  ға­­на алға шығып, көрсеткен жерден үш күрек топырақ алып лақтырады да, жүгірген бойы айналып, саптың артына келіп тұрады. Осы ретпен бүкіл сарбаз жа­уын­ның  астында дедектеп жүріп «қабір» қаздық. Шұңқыр да­йын болған соң, командир әлгі темекі тұқылын әкеліп шұңқырға тастады, сосын оны жақсылап көмдік. Ко­мандир бір минуттық үнсіздік жариялады.  Үнсіздік­тен соң: «Жаңағы бір минутта бәрің енді темекі шек­пес­піз деп ойланған шығарсыңдар. Бұдан былай шек­пей­тін болыңдар!», – деді. Содан жүгіріп кері қайттық. Әс­керде осындай да қызық болған.




Көрілген: 2327    Пікірлер: 0

сейсенбі, 07.05.2013, 13:47

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Желтоқсан 2013
    Cпорттағы брендіміз

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30