Айбын

Тәуелсіздік күні Мassaget.kz порталына екі жыл толады

  • Тәуелсіздік күні Мassaget.kz порталына екі жыл толады

    Тәуелсіздік күні Мassaget.kz порталына екі жыл толады

Мassaget.kz порталы мен Тәуелсіздік ұғымы арасында символдық байланыс бар. Ұлттық танымдық, ойын-сауық порталы Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығы тойланған 2011 жылдың 16 желтоқсанында ашылды. Жоба ұжымы үшін сол себепті ҚР Тәуелсіздігі күні – қос мереке.

Ақпараттық-танымдық материалдар, блог пен форум жүйесінен тұратын интер­нет-ресурс бүгінде жастар арасында өте та­нымал. Оқушылар мен студенттер Мas­sa­get.kz-ті «мәнжазба әзірлеуге аса қажет ақпарат көзі» санайды. Бұдан порталдың екі жыл ішінде қаншалықты сұранысқа ие болғаны көрініп тұр. Ғылым мен техника, өнер мен шоу-бизнес, әдебиет пен мәде­ниет жаңалықтарын осы жерден табуға бо­ла­ды. Қазіргі қазақ жазушыларының жаңа шығармалары мен батыс әдебиетінің озық үлгілерінің аудармаларын басқа қазақтілді порталдардан таба бермейсіз. Мassaget.kz-те жастар өздерін толғанды­ратын кез келген мәселеге байланысты ой­ларын блог түрінде жариялап жатады, мұн­дағы форум – мәдениетті пікірталас ор­­талығы. Былтырғы Астана интернет фору­мында порталдың интерфейсі мен логотипі үздік деп танылса, биыл Мassaget.kz сайттар арасындағы біраз байқауда ал­ғашқы орындарды иеленді. Соның ішінде ең беделді сыйлық – Award.kz ұлттық ин­тернет жүлдесін жеңіп алуы – жастарға ар­налған қазақтілді порталды жасау­шылар­дың тынымсыз еңбегінің нәтижесі.

Мейіргүл Оңғарова, порталдың шығарушы редакторы:

– Мassaget.kz екі жыл ішінде біраз жетістікке жетті. Қазақ жастары үшін орда болар өнегелі ортаға айналды. Редакция бір күнде 40 материал жа­рия­лайды. Оқырмандардың қызығу­шы­лы­ғы жоғары. Күніне 15 мың оқыр­ман кіреді. Көбіне жастар, оқушылар осы сайттан тәрбие алып, өз ойларын қал­дырады. Студенттермен, оқушы­лар­мен жұмыс жасау біз үшін де өте қы­зықты. Порталдың мақсаты – жас­тар­дың дү­ние­танымын кеңейту, оқыр­ман­дарды жан-жақты ақпармен қам­та­ма­сыз ету, қолданушылардың еркін ой ал­ма­суына жағдай жасау. Порталда 10 ай­дар бар: Техно, Мәдениет, Видео, Спорт, Білім, i-dos, Әдебиет, Тағзым. Мұн­да қамтыл­майтын тақырып жоқтың қасы.




Көрілген: 2332    Пікірлер: 0

сенбі, 14.12.2013, 12:59

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Желтоқсан 2013
    Cпорттағы брендіміз

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30