Азиада ойындары - 2014

Азиада-2014: Қазақ-Иран бәсекесі басталды

  • Оң жақта - Марина Вольнова. Фотоны түсірген: Данияр Майлыбаев.

    Оң жақта - Марина Вольнова. Фотоны түсірген: Данияр Майлыбаев.

  • Су добы. Фотоны түсірген: Никита Басов.

    Су добы. Фотоны түсірген: Никита Басов.

ХVІІ жазғы Азия ойындарының 11-күні кешегідей қуанышты да, сәтті де болмады. Қоржынымызға үш қола ғана түсіп, Иран өкшемізді басты, - деп хабарлайды Оңтүстік Кореядан "Алаш айнасының" арнаулы тілшісі.

Бүгін боз кілемге грек-рим күресіндегі балуандар шыққан. Өкінішке қарай, қазақ балуандары финалға да шыға алмады.
59 келіде бақ сынаған Алмат Кебісбаев та, 71 келіде белдескен Ерұлан Ысқақов та қола жүлдемен шектелді. Ал 98 келідегі Мақсат Ережепов ширек финалдан аса алмады.

Үшінші қола бокстан бұйырды. Әйелдер арасындағы үздік боксшымыз Марина Вольнова (75 келі) финалға шыға алмай қалды. Сондықтан оның қола жүлдесі біздің еншімізге бүгін жазылды.

Жалпы, бокстан 10 медаль олжалап отырмыз. Ертең Жайна Шекербекова (51 келі) финалда айқасады. Ал сегіз жігітіміз ерлер арасындағы жартылай финалға шықты. Енді "осы тоғыз жүлдеміздің қаншасы алтын болар екен" деп, тықыршып отырған жайымыз бар.

Естеріңізге сала кетейік, жартылай финалға мына жігіттеріміз шықты: Біржан Жақыпов (49 келі), Ілияс Сүлейменов (52 келі), Қайрат Ералиев (56 келі), Данияр Елеусінов (69 келі), Жәнібек Әлімханұлы (75 келі), Әділбек Ниязымбетов (81 келі), Антон Пинчук (91 келі) және Иван Дычко (+ 91 келі).

Су добындағы жігіттеріміз жартылай финалда Қытай құрамасымен кездесіп, шектен тыс тартысты өткен ойында (негізгі уақыты 6:6 есебімен аяқталған болатын) қайсарлық танытып, пенальти арқылы жеңіске жетті.

Ал таэквондошыларымыз керісінше, жүлдеге іліге алар емес. Жеңіл атлетикадан да жүлдені уыстап ала алмай жүрміз.

Енді намысқа жүгініп, жанкештілік танытпаса болмайды. Иран спортшылары алтынды күрестен "күреп" алып, басқа спорт түрлерінен де "іреп" алып, өкшемізді басты. Тіпті қуып жетіп те қалды. Қамшыны баспаса, олардың енді бізден озып кетулері де ғажап емес.

1. Қытай – 268 (126+80+62)
2. Оңтүстік Корея – 170 (54+55+61)
3. Жапония – 146 (37+54+55)
4. Қазақстан – 56 (15+16+25)
5. Иран – 35 (14+11+10)

Автор: Нұрғазы Сасаев




Көрілген: 1641    Пікірлер: 0

сейсенбі, 30.09.2014, 22:12

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30