Азиада ойындары - 2014

Азиада: Күрестен Расул Қалиев Қазақстанның қоржынына 10-шы күмісті салды

  • Расул Қалиев. Сурет Vesti.kz сайтынан алынды.

    Расул Қалиев. Сурет Vesti.kz сайтынан алынды.

 Кореяның Инчхон қаласындағы азиада ойындары жалғасуда, - деп хабарлайды Тengrinews.kz/ vesti.kz/ сайтына сілтеме жасап. Бүгін 57 келі салмақ бойынша еркін күрес сайысында қазақстандық Расул Қалиев күміс медаль иегері атанды.

Азиада ойындарының финалдық бәсекесінде Расул Қалиев Қытай халық республикасының палуаны Хакжин Джонгомен белдесіп, 6:8 есебімен ұтылып қалды. Соның өзінде бұл палуандардың биылғы кездесуін атап өтуге тұрарлық.

Азиада ойындарында Қазақстан командасы сәтті өнер көрсетуде. Қазірдің өзінде қанжығамызға құрама команда 9 алтын, 10 күміс, 17 қола медаль салып үлгерді. Медаль саны көрсеткіші бойынша қазір Қазақстан төртінші орында тұрақтап тұр. Азияда ойындарының негізгі кездесулерін мына жерден көрсеңіз болады. Бұған дейін Ихчонда өтіп жатқан Азиада ойындарында 50 метр қашықтыққа судан жүзуден қазақстандық спортшы Дмитрий Баландиннің бағы жанғанын, сондай-ақ, ол 200 метр қашықтыққа жүзу кезінде -2.07,67 көрсеткішімен Азиаданың жаңа рекордын жаңғыртқанын хабарлаған болатынбыз. Сондай-ақ, қазақстандық велошабандоз Алексей Луценко Алексей Луценко 42 шақырым қашықтықты 50 минут 28 секундта жүріп өтіп, алтыннан алқа тақты.




Көрілген: 1716    Пікірлер: 0

сенбі, 27.09.2014, 18:22

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30