Азиада ойындары - 2014

Қазақстан паралимпиада ойындарында жақсы нәтижеге қол жеткізді

  • Фото vesti.kz сайтынан алынды

    Фото vesti.kz сайтынан алынды

Биыл Инчхонда өткен паралимпиада ойындары Қазақстан құрамасы үшін өте сәтті өтті. Паралимпиада ойындарында қазақстандық спортшылар бұрын соңды тарихымызда болып көрмеген нәтижеге қол жеткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Азия паралимпиада ойындарында Қазақстан командасы 24 медаль алып, жалпы командалық есепте он бірінші орынға тұрақтады. Онда қазақстандық спортшылар жеті алтын, алты күміс және он бір қола медаль алды.

Медальдардың көбін суда жүзушілер жеңіп алған. Олардың иелігінде 20 медаль бар. Атап айтқанда, Зүлфия Ғабидуллина, Дмитрий Ли суда жүзуден жеңімпаз атанып, ал Әнуар Ахметов биік тұғырға үш мәрте қатарынан көтерілген. Одан бөлек екі алтын медальді қоржынымызға эстафеташылар салды.

Бұл ойында үздік нәтиже көрсетіп, қарсылас командалардан қара үзіп шыққан қытай құрамасы жалпы саны 317 медальмен (оның ішінде 174 алтын) бірінші орынды жеңіп алса, екінші орын Корей құрамасына бұйырған, ал жапондықтар үшінші орыннан көрінді. Бұған дейін БАҚ-та қазақстандық команда биылғы Азия ойындарынан кемінде 20 медаль жеңіп алуды жоспарлап отырғаны жазылған болатын. Бұл жолғы паралимпиада ойындарына Қазақстаннан барлығы 84 спортшы қатысып, спорттың тоғыз түрі бойынша сайысқа түскен. Біздің спортшылар садақ ату, жеңіл атлетика, нысана көздеу, үстел теннисі, суда жүзу, волейболды отырып ойнау, дзюдо, пауэрлифтинг және арбада отырып билеу бойынша сынға түсті.

Атап өтейік, Азия паралимпиада ойындары Кореяның Инчхон қаласында қазанның 18-і мен 24-і аралығында өтті.




Көрілген: 2276    Пікірлер: 0

жұма, 24.10.2014, 22:52

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29