Банкир кеңесі

Банктің құрығына түсіп қалмас үшін не істеу қажет?: Заңгер түсіндірді

  • Банктің құрығына түсіп қалмас үшін не істеу қажет?: Заңгер түсіндірді

    Банктің құрығына түсіп қалмас үшін не істеу қажет?: Заңгер түсіндірді

Негізгі қарыз, пайыз және үстемақы сөздері әрбір несие алған қазақстандыққа таныс сөздер. Кейде банк несие мөлшерінен қателесетін немесе қарыз алушының пайдасына қарама қайшы келісімшарт жасайтын кездер болып жатады. Мұндай жағдайға тап болмау үшін не істеу керек? Бұл жөнінде толығырақ заңгер айтып берді, деп хабарлайды 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтары.

Ақшаға мұқтаж жанның құжаттарға таныспай жатып қол қоюының соңы үлкен тәуекелдерге алып келеді дейді заңгер Құндыз Өтебекова.

 
"Біздің көмегімізге көп жағдайда қарыз алушылар мен банк тарапынан мүлкіне қол салынған борышкерлер жүгінеді", - дейді маман.

Сонымен қатар заңгер банк тарапынан бұзылатын заң бұзушылықтар жөнінде де тоқталып өтті.

"Бұл жағдайда негізі банк тарапынан емес жеке сот орындаушылардың тарапынан орын алатын заң бұзушылықтарды айтып өту қажет. Кепіл туралы айтып өткенімдей, онда банктер қарыз азаматтарды мүлкін тәркілеген кезде, мысалы үшін үйінен шығару уақытында көп жағдайда борышкерге ескерту жасалмайды. Осыдан да көптеген қарама қайшылықтар туындайды", - деп қосты Өтебекова.


Қазақстанда 2022 жылғы зейнетақы мен ең төменгі жалақының мөлшері аталды
Адамдар соңғы уақытта неге агрессияға жақын болып кетті? Маман түсіндіріп берді

Сондай-ақ, Құндыз Өтебекова дау туындаған жағдайлардың басым көпшілігі банктің пайдасына шешілетінін жасырмады. 
Осы ретте маман өзінің жеке тәжірибесінен өткен оқиғасымен бөлісті.

"Осы жылы бір оқиға болды. Мен атқарушы билікке қатысты банкке қарсы соттастым. Және бұл мен борышкердің тарапында болған өте сирек оқиғалардың бірі болып табылады. Мәселе бойынша, пәтер аукционмен сатылып кеткен. Біз соттың өндіріп алу бойынша шешімін тоқтаттық. Сонымен бірге үйдің жаңа иесінің сату-сатып алу келісімшартын бұздық және жүргізілген сауданы заңсыз деп таптық", - деді заңгер.

Құндыз Өтебекова сөзінің соңында банк жүйесін қарыз алушылардың мүддесіне сәйкес келетіндей ету үшін, қандай өзгерістер енгізу қажеттігін айтты.

"Мен бірінші кезекте заңнамалық тұрғыда банктерге борышкерлерді іздеу кезінде саудаға қатысуға тыйым салатын едім", - деп түйіндеді заңгер.




Көрілген: 2538    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 22.09.2021, 13:46

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31