Банкир кеңесі

Ұлттық банк банкноттарды айырбастау мерзіміне қатысты шешім қабылдады

  • Ұлттық банк банкноттарды айырбастау мерзіміне қатысты шешім қабылдады

    Ұлттық банк банкноттарды айырбастау мерзіміне қатысты шешім қабылдады

Жаңа банкнот шыққан жағдайда, ескі банкнот бір жыл бойы қолданыста болады, қазақстандықтар оны кез келген уақытта айырбастай алады. Енді қазақстандықтар 2006 жылғы және одан кейін шыққан банкноттарды кез келген уақытта айырбастай алады. Ұлттық банк банкноттарды айырбастаудың мерзімсіз кезеңін енгізу туралы шешім қабылдады.

Бұл шешім халықтың өтініші мен халықаралық тәжірибені ескере отырып қабылданды, деді Ұлттық банк қолма-қол ақша айналысы департаментінің директоры Жомарт Қажымұратов.

Жаңа банкнот шыққан жағдайда, ескі банкнот он екі ай бойы қатар қолданыста жүреді. Яғни, ескі банкнот та, жаңа банкнот та заңды төлем құралы болады және оларды бір жыл бойы барлық төлем түрі бойынша қабылдауға міндетті.

Қандай да бір банкнот айналымнан шыққаннан кейін оны 3 жыл мерзім ішінде Ұлттық банктің филиалдарында, екінші деңгейлі банктерде немесе "Қазпошта" кеңселерінде айырбастап алуға болады.

Егер халық белгілі бір себептермен айналымнан шыққан банкноттарды үш жыл ішінде айырбастап үлгермесе, онда Ұлттық банктің филиалдары оларды еш шектеусіз қабылдай береді.

Бұл жаңашылдық 2021 жылдың 12 маусымынан бастап күшіне енеді.

Айта кетсек, 2006 жылы шыққан екі, бес және он мың теңгелік банкноттар 2021 жылдың 1 ақпанынан бастап жарамсыз болды. Ұлттық банк оларды қабылдауды және ауыстыруды тоқтатқан еді.

Ал 3 наурыздан бастап 2006 жылғы үлгідегі номиналы 1 000 теңгелік банкноттар айналымнан шығатыны хабарланды.

Бұған дейін мәжіліс депутаттары Ұлттық банктен ескі банкноттарды айырбастау мерзімін шектемеуді сұрады




Көрілген: 1184    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 07.06.2021, 13:44

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30