Оқырман сауалына жауап іздейміз

12 сәуір 2012, 16:14

«Алаш айнасы» газеті жарық көрген сәтінен бастап өз оқырмандарымен тығыз байланыста. Жас пен жасамысты, қараша мен бақуаттыны толғандырған кез келген сауалға басылым қызметкерлері жауап табуға әзір. Бүгінгі өмірде сіз кезіккен барлық түйткілді білуге біз де мүдделіміз. Жауап таппаған сауалыңызды бізге жолдаңыз.
Осы ретте газетіміз «Оқырман сауалына жауап іздейміз» атты жаңа айдар ашпақ. Бұл айдарда қо­ғамдық өмірдің сан алуан саласындағы сауалдарға жа­уап табуға болады. Айталық, сіз көлікті техникалық байқаудан өткізгелі жүріп, өзіңізге түсініксіз сұрақ­тарға жолықтыңыз немесе азаматтық хал актілері жағ­дайларын тіркеуде қиындықтарға кезіктіңіз делік. Мамандардан тиісті жауаптың бәрін толық ала ал­мадыңыз. Демек, сіздің «Алаш айнасына» хабар­ласып, ақпараттық көмек сұрауға мүмкіндігіңіз бар. Сонымен бірге әлеуметтік сала, төтенше жағдай, спорт пен мәдениет, шоу-бизнес мәселелері, қоғам­дағы түрлі оқиғаларға қатысты пікір-көзқарастардың дұрыс-бұрыстығы немесе тылсым құбылыстар туралы да сұрауыңызға болады.
Редакцияның байланыс теле­фоны: 8 (727) 3 88 80 60, 
электронды пошта­мыз: info@alashainasy.kz.