Береке

Оқушылар Ұлыс күнін ұлықтады

  • Оқушылар Ұлыс күнін ұлықтады

    Оқушылар Ұлыс күнін ұлықтады

Алматыдағы Қаныш Сәтбаев атындағы №56 мектеп-гимназияда Ұлыстың ұлы күні жоғары дәрежеде аталып өтті. Ұстаздар қауымы мен оқушылар, ата-аналар бас қосқан бұл мерекелік жиында қазақтың түрлі салт-дәстүрлерінен көріністер көрсетіліп, ән мен күйден шашу шашылды.

Мектеп-гимназияның бес қабаты әр­қайсысы бөлек-бөлек концерттік бағдар­лама әзірлеп, сахна безендіру, ұлттық киім, ұлттық ойын, ән, би, салт-дәстүр, ұлттық тағамдар мәзірі аталымдары бойынша өзара бәсекеге түсті. Әр қабат өздерін жеке ауылға балаған. Бастауыш сынып оқушы­лары оқитын «Бал дәурен» ауылынан басталған концерттік саяхат қонақтардың көңілін көншітті. Тілашар, тұсаукесер, ат қою дәстүрлерінен шағын көріністер, асық ату, арқан тартыс тәрізді ұлттық ойындар, «Қаражорға», «Қамажайдай» билер, айтыс, күй тартыс сияқты ұлттық өнер шоқтықтары, құрт, ірімшік, сүзбе, тілеу көже, қымыз, шұбаттай ұлттық тағамдар Ұлыстың ұлы күнінің көрігін қыздырды. Шашу шашылып, ақ баталар ақтарылған бұл күн оқушылардың бала көңілінде тәрбиелік мән-мазмұнымен ұзақ сақталары сөзсіз.



Гүлзада ШАКИРОВА, Қ.Сәтбаев атындағы №56 мектеп-гим­назиясының директоры:

– Шыны керек, еліміздегі көптеген орыс мектептері Наурыз мейрамын атап өте бермейді. Біз биыл Ұлыстың ұлы күнін қазақ тілінде оқытатын мектептерден асырмасақ, кем тойлағанымыз жоқ. Ұлы Сәтбаевтың атын иеленген мектепте Ұлыс күнін тойлау жыл сайынғы дәстүрге енген. Бірақ биылғы мерекелік дайындығымыз жылдағыдан айрықша болды. Мектептің әрбір қабаты өздерінше сценарий жазып, өзара бәсе­келестікпен әзірленді. Біршама өзге ұлт өкілдерінің балалары қазақ тілінде өлең оқып, салт-дәстүрден көріністер қойып жатыр. Осы мейрамның арқасында кейбір үлкен кісілер білмейтін дәстүрлерді жас балалар қаперлеріне құйып, саналарына сіңіріп алды. Балаларымен қосылып, ата-аналары да домбыра тартып, ән айтып, өз өнерлерін ортаға салып жатыр.




Көрілген: 4363    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 21.03.2012, 11:54

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30