Сақа таңдай білесіз бе?

Сақа таңдай білесіз бе?

Қазақтың ұлттық ойындарының ең алғашқы сатысы асық ойнау десе де болар. Себебі ертеде қазақ баласы қолына ең алғаш асық ұстаған. Бұл өз кезегінде асық ойынының ерекшелігі мен сан қилылығынан болар. Өйткені асықпен үйде де, далада да ойнай беруге болады.
Асық ойындарының кейбір түрлерінде сақа таңдап алу қажет. Үйде ойналатын асық ойыны түрлерінде асықтың әдемісін сақа ретінде таңдап алуға болады. Ал та­қыр жерге шеңбер сызып, соның ортасында қаз-қатар тігілген асықтарды шеңберден атып шығару мақсат болып табылатын ойын­дарда асықтың мықтысынан, сал­мақтысынан сақа таңдау керек. Сақа таң­даудың өзі – өнер. Алыстан атқан кезде асық­қа тиген сақа орнында қалып, асық­тардың бірнешеуін шеңбердің сыртына шығарып жібереді. Асық ойнауға әбден машықтанып алған зерек балалар қажет болса, сақаны асықпен қоса, шеңбердің сыртына шығарып та жібереді, кері де қайтара алады.
Бала кезімізде бірнеше сақамен асық ойнайтын балаларды да көрдік. Алыстан атқанда үлкен сақамен атады. Сақасын шең­бердің ішінде қалдырады да, шеңбер ішінде асықты атуға келгенде, одан кіші­регімен, ыңғайлысымен шерте бастайды.
Сақа таңдау оңай емес деп айттық қой. Тіпті әкелері, туыстары қой сойып жатқанда, осы ойынға шебер балалар оның асық­тарын қарап шығады да, сақаға жарайтын болса, асығын шикідей сыдыртып алады. Бір кездері ауыл балаларында «Сорпасы шығып, бірнеше сағат қайнамаған сақа мықты болады» деген түсінік қалыптасқан еді.
Содан соң сақаға қорғасын құю деген болады. Бұл – сақаны күшейтіп, асық ойы­нындағы бәсекелестерін ұту мүмкіндігін арттыру үшін жасалатын қарекет. Қорғасын құюдың өзі – бір «ғылым». Асықты иірген­де, үнемі алшы түсетіндей етіп құяды кей­біреулер. Қорғасын құю үшін әуелі асықты дайындайды. Себебі асық таза болуы керек. Одан соң оны теседі. Бұл ретте, өте мұқият болмаса, асықтың сынып кетуі де мүмкін. Содан соң асықты саздың ішіне салып қойып, отқа ерітілген (балқытылған) қорғасынды құяды. Саз (балшық, сиырдың жапасы) қалыптың рөлін атқарады. Сұйық қорғасынның сақаның сыртына шығып, жан-жағына ағып кетпеуі үшін керек. Ал қорғасынды, әлбетте, ернеуі сүйірленген қалбырдың ішіне салып ерітеді.
Мүмкіндік болса, дала тағысы арқардың асығын сақа ретінде пайдаланған жақсы. Арқардың асығы қой-ешкінікіне қарағанда әлдеқайда үлкендеу әрі шымыр болады. Ал ешкінің, киіктің асықтары кішірек болып келеді. Бірақ үйде ойнайтын ойындарға жарай береді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста