1 қарашада Ақмола мен Қызылорда облыстарында дауылды ескерту жарияланды

31 қазан 2020, 17:57

"Қазгидромет" 1 қарашада Ақмола және Қызылорда облыстарында дауылды ескерту жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"1 қарашада Ақмола облысының кей жерлерінде және Нұр-Сұлтанда қалың тұман түседі", - делінген сенбіде таратылған дауыл туралы ескертуде.

 
Синоптиктер дауылдың ықтималдығын 85-90% деп бағалады.

"1 қараша күні Қызылорда облысының кей жерлерінде жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Синоптиктер дауылдың ықтималдығын 90-100% деп бағалады.