Жаңалықтар

1 қыркүйек демалысқа түсіп тұр: мұғалімдерге ақы төлене ме?

  • © Sputnik / Анатолий Устиненко

    © Sputnik / Анатолий Устиненко

Биыл 1 қыркүйек – Білім күні жексенбіге түсіп тұр. Осыған байланысты еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мұғалімдердің демалыста жұмысқа шыққаны үшін өтемақы қалай есептелетінін түсіндірді.


Министрдің жауабы


"Ашық диалог" порталындағы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовтың блогына сауал түсті. Желі қолданушылары мұғалімдерді демалыста жұмысқа шығарған қаншалықты заңды және ол үшін қандай өтемақы қарастырылғанын сұрады.


"Білім және ғылым министрлігі Еңбек кодексінің нақты қандай баптарын басшылыққа алуы тиіс? Әрбір қызметкердің жазбаша келісімі болмаса, оларды демалыс күні мектептің мерекелік жиынына шығарған қаншалықты заңды? Ондайда нақты қандай өтемақы қарастырылған?", - деп сұрады Мәлік Жұмағалиев.


Министрдің сөзіне қарағанда, қызметкерді демалыс күні жұмысқа шығару үшін оның жазбаша келісімі болуы қажет.


"Ал жұмысқа шыққаны үшін оның қалауы бойынша басқа күні демалыс беріледі, я болмаса, қызметкердің күндізгі ставкасының 1,5 мөлшерінен төмен түспейтін ақы төленеді. Егер қызметкер демалыс күні жұмысқа шығудан бас тартса, бұл еңбек ережесін бұзу болып саналмайды. Демек, ешқандай салдары жоқ", - деп жазды Нұрымбетов.


Білім басқармасы не дейді?


Бүгін осы мәселеге қатысты елорданың білім басқармасы да пікір білдірді. Басқарма басшысы Әнуар Жанғозиннің сөзіне қарағанда, Білім күнінің демалысқа түсіп тұрғаны жақсы. Себебі ата-аналардың барлығы өз балаларын мектепке апара алады. Ал мұғалімдердің еңбегі өтелетін болады.


"Жаңа оқу жылында Білім күні жексенбіге сәйкес келіп отыр. Осы жағдайды ескере отырып, біз мұғалімдердің құқықтарын барынша сақтауға тырысамыз. Осы күн үшін міндетті түрде тиісті ақы немесе қосымша демалыс күні берілетінін хабарлаймын. Сонымен қатар, жексенбі күні болғандықтан, ата-аналар балаларын мектепке өздері апарып, осындай маңызды, айтулы күнде оларға қолдау көрсете алады", - деп жазды Жанғозин өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.


Оның айтуынша, дәстүр бойынша Білім күні салтанатты жиындармен басталады. Одан кейін барлық мектептерде азаматтық пен патриотизм тақырыбында "Саналы ұрпақ - жарқын болашақ" атты ашық сабақ өтеді.

Sputnik




Көрілген: 1264    Пікірлер: 0

бейсенбі, 29.08.2019, 15:59

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қыркүйек, 18:06
    Тіл – татулық тірегі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30